Елде 5 трансшекаралық хаб құрылады

Елде 5 трансшекаралық хаб құрылады. Меже орындалса, Қазақстанның логистикалық әлеуеті артып, экспорт пен импорт ісі ілгерлейді. Барлық жоба 2030 жылға дейін қолданысқа беріледі.

Бұл жайлы Мемлекет басшысы да баса айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды Орталық Азиядағы алып логистикалық хабқа айналдыруды тапсырған.

Алты айда елдегі тауар айналымы 10 пайызға өсіп, алыс-беріс 87 млрд долларға жетті. Оның 50 млрд-ы экспорттың, қалған қаржы импорттың үлесі. Әсіресе шикізаттық емес өнімдердің өтімі жоғары. Қытай, Ресей, Өбекстан, Қырғызстан секілді көрші елдермен қатар, Түркия, Ұлыбритания, Францияда да отандық өндіріске сұраныс көп.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

Қытай 4,44 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл біздің стратегиялық тұрғыдан аса маңызды болып есептеледі. Ресейге 3,73 млрд АҚШ доллары экспортталған. Ірі дәстүрлі серіктес. Түркияға 2,31 млрд АҚШ доллары экспортталған. Қазақстан Түрік нарығында мыс, тыңайтқыштар позияциясын нығайтуда. Өзбекстан 1,63 млрд АҚШ долларын экспорттаған. Мемлекетаралық сауданының  тұрақты өсімін көрсетіп отырған өңірлік нарық деп есептейміз.

Былтыр сауда айналымы 144 млрд долларға жетті. Биылғы қарқын да көңіл көншітеді. «Алда көрсеткіш көбейеді», - дейді мамандар. Ол үшін жауаптылар елдің логистикалық әлеуетін арттыруға бейілді. Осы мақсатта 5 трансшекаралық хаб құрылады. Ол өткізу бекеттерінің өнімділігін арттырып, жаңа жеткізу бағыттарын ашуға мүмкіндік береді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Қазақстан Орталық Азияның негізгі көлік торабына айналуы керек. Мемлекет басшысы алдымызға осындай міндет қойып отыр. Сондықтан сауда-логистикалық хабтарды құру – трансшекаралық экономикалық байланыстарды дамытудың маңызды стратегиялық бағыты.

Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:

- Елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту шеңберінде министрліктің үйлестіруімен әкімдіктер 5 трансшекаралық хабты іске асыруды жалғастыруда. Алатау сауда логистикалық кешені, Орталық азия халықаралық өнеркәсіптік орталығы, Еуразия трансшекаралық сауда орталығы, Қорғас пен Каспий тораптары бар.

Бес жоба 2030 жылға дейін аяқталып, қолданысқа қосылуы қажет. Меже орындалса, тауар тасымалдау уақытын айтарлықтай қысқарып, жаңа жұмыс орындары ашылады.

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы

Сондай-ақ оқыңыз: