Еліміздің жалпы ішкі өнімі 29% артты

Соңғы 7 жылда жалпы ішкі өнім 29 пайызға артып, 300 миллиард доллардан асты.

Ал Алтын-валюта резерві мен Ұлттық қор активтерінің көлемі 140 миллиард долларға жуықтаған. Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында осылай деп мәлімдеді. Президенттің сөзінше, осы кезеңге дейін елімізге 160 миллиард доллардан астам инвестиция тартылып, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40 пайыздан асқан.  

Жыл сайын 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын-үй бой көтеріп, 2019 жылдан бері, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1300-ден аса мектеп салынды. Сондай-ақ 1200-ден астам денсаулық сақтау нысаны ашылып, азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жетті. Белсенді жұмыстың нәтижесінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді.

 ЖІӨ - 29% - $300 млрд

Алтын-валюта резерві, Ұлттық қор активтерінің көлемі - $138 млрд

$162 млрд инвестиция тартылған

ШОБ экономикадағы үлесі - 40% 

Жыл сайын - 20 млн шаршы метр тұрғын үй

2019 ж. бастап - 1342 мектеп

Денсаулық сақтау нысаны - 1200 аса

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 76 жас

Сондай-ақ оқыңыз: