Үкіметте тоғыз айдағы экономикалық өсімнің алдын ала нәтижесі қаралды

Үкіметте өткен 9 айдағы экономикалық өсімнің алдын ала нәтижелері қаралды.

Ел экономикасының негізгі драйверлері - құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика, сауда және ауыл шаруашылығы. Өңдеу өнеркәсібінде машина жасау мен химия өндірісі қарқынды дамып келеді. Жыл басынан бері жеңіл автомобиль шығару 34 пайызға артқан. Құрылыс саласында да өсім бар. 8 айда 11,3 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл былтырмен салыстырғанда 3,6 пайызға көп. Сауда айналымы 51,5 триллион теңгеге жетті. Ал көлік саласында астық пен көмір тасымалы артқан. Ауыл шаруашылығында да оң динамика күтіледі. Премьер-министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жыл соңына дейін негізгі көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды 24KZ.

Сондай-ақ оқыңыз: