Президент Үкіметке жемқорлықпен күрес жөнінде ұсыныс әзірлеуді тапсырды

фото: akorda.kz

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының аппараты мен мемлекеттік компаниялардың, соның ішінде «Қазақстан темір жолының» жұмысы тоқтап қалмайды, үздіксіз жүре береді, деп хабарлайды 24KZ.

Жиында Президент мемлекеттік компанияларға қарасты барлық мекемелер қалыпты тәртіппен жұмыс істеп жатыр, бұған ешқандай себеп те жоқ. Керісінше, жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан күрес инвесторлар мен несие берушілердің аталған институтқа деген сенімін арттырып, ашық және жемісті жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деді. Бүгінде Бас прокуратура жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеден асатын заңсыз иемденген активтерді қайтарды. Қаражат 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысына жұмсалды. Қазіргі таңда 383 нысан, соның ішінде медициналық мекемелер, сумен жабдықтау желілері, мектептер, спорт кешендері салынып бітті. Алайда Президент қалыптасқан жағдайға қарағанда, нысандар қаншалықты сапалы салынғанын тексеруге себеп барын айтып, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар мемлекеттік компаниялардың ең осал тұсы деді. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтарды барынша азайту, квазимемлекеттік сектордағы компаниялар мен олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасын айтарлықтай жақсарту жөнінде ұсыныс беруді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз: