Moody’s Қазақстанның кредиттік рейтингін Baa1 деңгейінде растады
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның егемендік кредиттік рейтингін Baa1 деңгейінде растады. Болжамы – «Тұрақты». Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Агенттік мәліметінше, рейтингтің сақталуы Қазақстанның мемлекеттік борышының төмен деңгейімен, борышқа қызмет көрсету қабілетінің жоғары болуымен және жинақталған валюталық активтерімен байланысты.
Бұл факторлар елдің сыртқы экономикалық күйзелістерге төтеп беру мүмкіндігін арттырады.Moody’s Қазақстан экономикасының мұнай өндіру көлемі төмендегеніне қарамастан өсіп келе жатқанын атап өтті.
Экономикалық өсімге өңдеуші өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да мұнай емес салалар үлес қосып отыр.Сонымен қатар агенттік цифрлық, көлік және энергетикалық инфрақұрылымға инвестициялар орта мерзімді экономикалық өсімді қолдайтынын жеткізді.
Шикізаттық емес секторлар экономиканың негізгі өсу драйверлері болып қала береді.Moody’s бағалауынша, салық реформалары бюджеттің мұнай емес кіріс базасын кеңейтіп, фискалдық орнықтылықты нығайтуға ықпал етеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз