Әлемде мұнай арзандады
Ал әлем нарығында мұнай арзандады. Бүгін «Брент» маркалы қара алтын барреліне 99 доллар, ал америкалық WTI 89 долларға саудаланды. Бағаның түсуіне Парсы шығанағы елдерінен мұнай тасымалының артуы себеп.
Kpler халықаралық компаниясының дерегі бойынша, қыркүйекте аймақтан тәулігіне 12,8 млн баррель қара алтын жөнелтілді. Мұның 7,4 млн баррелі Ормуз бұғазы арқылы тасымалданған. Бұл – қақтығыс басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Десе де, стратегиялық су жолы арқылы жүру әлі де қауіпті. Осы аптада үш бірдей танкерге шабуыл жасалды.