Әлемдік мұнай бағасы құбылып тұр
«Brent» маркалы қара алтынның бағасы тұрақтала бастады. Барреліне 102 доллардан сатылып жатыр. Ал WTI шамамен 1 пайызға арзандап, 90 доллардан саудаланды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған Таяу Шығыстағы экспорт көлемінің артуы және «Үлкен жетілік» елдерінің алдағы 4 айда стратегиялық қорынан нарыққа 100 млн баррель шикізат шығарамыз деген шешімі себеп болды. Бұдан бөлек, G7 көшбасшылары энергия тауарларына шектеу енгізбеуге уәде берді.