Елімізде инфляция баяулап келеді

Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдеп келеді.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Өткен айда жылдық инфляция тамызбен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9,3 пайызға дейін баяулады. Оған азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі себеп болған. Мәселен, қыркүйекте азық-түлік тауары бағасы бір айлық мәнде 0,1 пайыз арзандап, нәтижесінде жылдық азық-түлік инфляциясы 8,5 пайызға дейін бәсеңдеген. Оның аясында 2026 жылғы екінші тоқсанда халықтың нақты ақшалай табысы 0,7 пайызға өсіпті. Осылайша инфляцияның төмендеуі қымбатшылықтың қыспаққа алуын азайтады, дейді жауаптылар. Айта кетейік, инфляцияны тежеу халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Үкімет жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз: