Ел экономикасы жеті жылда $306 млрд дейін өсті
Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы долларлық мәнде 71 пайызға өскен.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша елдегі жалпы ішкі өнім 306 млрд АҚШ долларына дейін жетті.
Экономикаға оң әсерін тигізген салаларға тоқталсақ.
Номиналды жалпы ішкі өнім 160 трлн теңгеге жуықтаған. Құрылыс саласындағы өнімділік 2,4 есеге ұлғайды. Қайта өңдеу саласы 42, ал тауар өндірісі 39 пайызға артыпты. Ауыл шаруашылығы 25 пайызға, қызмет көрсету саласы 22 пайызға өсті.
Сол сияқты, байланыс саласы ауыз толтырып айтарлық жетістікке жеткен. Мұндағы өсім 56 пайыз, ал сауда секторында 44 пайызға артқаны тіркелген. Көлік саласы 38, тау-кен байытудағы өнімділік 15 пайызға көбейген.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Номиналды ЖІӨ – ₸ 159,9 трлн
Құрылыс - 145%
Қайта өңдеу – 41,8%
Тауар өндірісі – 38,8%
Ауыл шаруашылығы - 25,6%
Қызмет көрсету - 22,1%
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Байланыс -56,4%
Сауда - 44,1%
Көлік - 38,4%
Тау-кен байыту - 14,9%