Алтын мен күміс қайта арзандады

Әлемдік нарықта алтын 0,42 пайызға арзандады, деп хабарлайды «24KZ».

Бағалы металдың троя унциясы 4 мың 142 долларға саудаланды. Күмістің де құны шамамен 1 пайызға түсті. Әр унциясы 58 жарым долларға сатылды. Ал платина троя унциясы 1 мың 661 долларға саудаланды. Инвесторлар АҚШ-тағы инфляцияға алаңдап отыр. Таяуда жаңа есеп жариялануы тиіс. Бұл Федеральды резерв жүйесінің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын белгілейді.

Сондай-ақ оқыңыз: