New Silk Way көлік-логистикалық форумы өтті

Астанада Қазақстанның көлік апталығы аясында "Жаңа жібек жолы" атты бизнес-форум өтті.

Жиында саланы цифрландыру, халықаралық жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру, кадрларды даярлау мәселелері талқыланды. Халықаралық іс-шараға 40 шақты елдің сарапшылары келген. Жиынға Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Грузия, Иран, Қырғызстан, Пәкістан және басқа да елдердің көлік ведомстволары басшылығы, ірі көлік-логистикалық кәсіпорындар мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты. Бизнес-форум аясында жоғары деңгейде бірқатар келісім жасалды.

Чжан Вэньюй, "China Transinfo Technology" компаниясының вице-президенті /ҚХР/:

- Қазақстан мен Қытай логистика саласында әріптестікті нығайтудың болашағы зор. Қытайдан шыққан тауар, Қазақстан арқылы өзгеде елдерге жеткізіледі, сондықтан логистикалық дәлізде Қазақстанның орыны бөлек. Біз Қазақстанмен әріптестікте smart логистиканы дамытуға баса назар аударамыз. Осылайша тараптар арасында тауар айналымының жылдам, әрі нәтижелі болуына ықпал етуге ниеттіміз. Бұл жолғы форумда қазақстандық әріптесіміз логистикалық зерттеу орталығымен бірнеше келісімдерге қол жеткіздік.  

Жайнар Әсілбекова, ҚР Көлік министрлігі көлік саясаты департаментінің транзиттік саясат басқармасының басшысы:

- Еуразия құрлығындағы қаншама елде теңізге шығу жолы жоқ. Сондықтан құрғақ дәліздерді даыту мәселесі өте өзекті. Соны пайдалану арқылы транзитті дамыту, сол арқылы экономикаға өз әсерін тигізу. Қазіргі таңда өзіміздің елдегі контекстпен қарасақ, соңғы жылдары өте үлкен көрсеткіштер болуда.

Сондай-ақ оқыңыз: