Ақтөбеде әлеуметтік нысандар салынады
Қазақстанда жеті көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Олардың бірі Ақтөбеде бой көтереді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, еліміздің үлкен құрылыс алаңына айналуы экономиканың қарыштап дамуына тың серпін береді.
Ақтөбеліктер әсіресе әлеуметтік нысандардың қолжетімді болатынына сенімді. Қазірдің өзінде өңірде футбол стадионы, театр және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балабақша сияқты бірнеше маңызды ғимарат салынып жатыр. Мемлекет басшысының шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізу туралы шешімі де тұрғындар тарапынан қолдау тапты.