Құрылыс материалдары нарығында отандық үлесті 80%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Фото: ЖИ

Құрылыс материалдарының 73%-ы елімізде өндіріледі, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты.

Ол цемент, бетон, темірбетон және гипсокартон бойынша ішкі нарық толық қамтылып отырғанын, сонымен қатар сұранысқа ие өнімдер бойынша жаңа зауыттар ашылып жатқанын атап өтті.

«Мысалы, испандық Roca компаниясы Қызылорда облысында санитарлық керамика өндіретін зауыт салуда. Бұл – Қазақстандағы алғашқы осындай зауыт. Қарағандыда клинкер плиткасын өндіретін  – QAZCLINKER, жылу материалдарын шығараты «ТехноНИКОЛЬ» жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы, биыл салада 45 жоба іске қосылады», - деді Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ өнеркәсіп және құрылыс министрі алдағы жылдары отандық өнімнің үлесін 80%-дан асыру көзделіп отырғанын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: