Алтын мен күміс бағасы қайта түсті

Әлемдік нарықта бағалы металдар бағасы қайта түсті. Бұған мұнай құнының өсуі себеп. Қара алтын нарқы артса, инфляцияның қарқыны да үдейді, деп хабарлайды «24KZ».

Кейінгі мәлімет бойынша, алтынның троя унциясы 3 мың 915 долларға саудаланды. Бағалы металдың нарқы 0,8 пайыз кеміген. Ал күміс 2,7 пайыз қымбаттап, троя унциясы 49,2 долларға сатылды. Платинаның троя унциясы 1 мың 431 долларға бағаланды. 

Сондай-ақ оқыңыз: