Бір аптада мұнай 15% арзандады
Қара алтын бағасы коронавирус пандемиясынан бері бұлай күрт төмендеген емес. Бүгін Brent маркалы мұнайдың нарқы 0,8 пайызға түсіп, бір баррелі 97,55 долларға сатылды, деп хабарлайды 24KZ.
Америкалық WTI фючерсінің құны да арзандап, бір баррелі 89,79 долларға саудаланды. Кей сарапшылар АҚШ пен Иран арасында соғыс тоқтауы мүмкін деп пайымдайды. Ақ үй басшысы Д. Трамп Қатар шейхі Тамим бин Хамад Әл-Танимен шиеленісті реттеу мәселесін талқыласа, Тегеран билігі ядролық бағдарламасына қатысты арағайын елдердің ұсынысын қарауға келісті. Екі жақ келісімге келсе, Ормуз «қақпасы» ашылып, аймақтан мұнай тасымалын жандандыруға мүмкіндік туады. Қазір мұнай тиеген танкерлерге шабуылдар тоқтамай тұр.