Өңірлерде көмір қажеттілігінің 61,3%-ы дайын — министр

Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Энергетикалық кәсіпорындардың қоймаларында 5,8 млн тонна көмір және 137 мың тонна мазут жинақталған. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов баяндады, деп хабарлайды «24KZ».

Оның айтуынша, Министрлік «әлеуметтік мақсаттағы» 255 мың тонна мазутты жеткізу кестесін бекітті. Жеткізу жұмыстары осы жылдың қыркүйегінен бастап жүргізілуде. 

Сонымен қатар халықты көмірмен қамтамасыз ету мақсатында Энергетика министрлігі жанынан барлық мүдделі тараптың қатысуымен республикалық штаб жұмыс істейді. 

Биылғы жылыту маусымында халық пен коммуналдық-тұрмыстық сектордың көмірге деген жалпы қажеттілігі 7,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 1,6 млн тонна, халыққа 5,7 млн тонна көмір қажет. Бүгінгі таңда өңірлерде 4,5 млн тонна көмір немесе жалпы қажеттіліктің 61,3%-ы дайындады, — деп атап өтті министр.



Сондай-ақ оқыңыз: