Халықтық құрылыс - ел дамуына серпін

Алдағы жылы елімізде «Халықтық құрылыс» бағдарламасы іске қосылады.

Жоба аясында өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Сонымен қатар 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесінің құрылысы басталады. Бұдан бөлек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға қомақты қаржы бөлінеді. Бірқатар елді мекенге газ тартылып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылады. Жаңа бастамалар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Шымкенттіктер де қолға алынған жобаларды қолдап, бастамадан үлкен үміт күтеді. 

БЛИЦ;

- Қалада тұрамын. Жолда кептеліс көп. Машинамен Мақтаарал жаққа барып келейін десек, көп тұрамыз жолда. Басқа жақтармен жүретін кең жолдар салынса екен деймін. 

- Жақсы идея. Менің ойымша, инфрақұрылымды қолдап жатыр. Инфрақұрылымның ішіне бәрі жатады. Мысалы, Қазақстан темір жолын салса, логистика дамиды. Жол салса да басқа елдерге өткізетін, ол да логистика дамиды. Басты табыс логистикада. 

- Жалпы құрылысты өте қатты дамытайын деп жатыр. Елге жететіндей үй болайын деп тұр. Менің ойымша, баға төмен түсейін деп тұр. Енді қарапайым халыққа қолжетімді болады деп ойлаймын. Лайым солай болса екен. 

- Спорт кешендері көп болуы керек қой. Ауылдарда спорт кешені болсын. Осы қалаларда. Мен, мысалы, 155 шаршы метрде жас балаларды жаттықтырамын. 250 спортсмен жаттығады. Спорт денсаулық кепілі ғой. Спортпен айналысқан жігіт жаман болмайды. 

- Халықтық құрылыс деп атады ғой. Өйткені халыққа керек ол құрылыс. Жарайды құрылысшылар салып кетеді. Бірақ олар жауапты болуы керек. Енді қазір салынғаннан кейін жаңа комиссия қабылдайды дейді. Негізі ол дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыз: