Елімізде мал саны артты
Елде төрт түліктің қарасы көбейді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ірі қараның саны өткен жылмен салыстырғанда 103 пайызға артып, 8 жарым миллион басты құраса, ұсақ мал 22 миллионнан асқан. Жылқы шамамен 5 миллионға жуықтаса, шошқа 532 мыңнан, түйе 309 мыңнан асып жығылған. Құс шаруашылығында да оң динамика байқалып, құс саны 101 пайызға көбейген. Сәйкесінше ет өндірісінің көлемі де ұлғайып, қожалық иелері жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.
2026 ж. 1 қарашадағы жағдай бойынша
- ірі қара мал - 103,2% - 8,6 млн бас
- ұсақ қара мал – 102,3% - 22,2 млн бас
- жылқы – 107,3% - 4,7 млн бас
2026 ж. 1 қарашадағы жағдай бойынша
- шошқа – 109,1% - 532,9 мың бас
- түйе – 101,6% - 309,1 мың бас
- құс - 101,6% - 49,1 млн бас
Айдос Жақыпов, ҚР АШМ мал шаруашылығы салаларын дамыту басқармасының басшысы:
- Жоспарлық кешен аясында айналым қаражатын қарастыру бағдарламасы бар. Қазіргі таңда бұл бағдарлама бойынша бордақыландыру шағын мерзімге, 1 жылға дейін айналым қаражаттары беріліп жатыр. Қазіргі таңда 100 миллиард теңгеге дейін бүгінгі таңда берілген. Мұнда құс фабрикалары, бордақыландыру, ірі қара болсын, ұсақ малға болсын айналым қаражаты беріліп жатыр. «Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламаларына биылғы 148 миллиард бөлу жоспарланып отыр. Соның ішінде іс жүзінде қазіргі таңда 64 миллиард теңге бөлінді.