«Қазатомөнеркәсіп» бағалы қағаздардың құны қалпына келе бастады

Бұл туралы акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады. 26 қарашадағы сауда-саттық барысында бағалы қағаздардың құны шамамен 6,5 пайызға өсті, деп хабарлайды 24KZ.

Осыған байланысты халықаралық инвесторлардың алаңдауына еш негіз жоқ. «Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші мәртебесін сақтап отыр. Компания әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-ын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ауқымды минералдық-шикізат базасы бар. Ал бағалы қағаздары Лондон қор биржасымен бірге Astana International Exchange биржасында да саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз: