Қаражатты қайда сақтаған жөн?

Қазақстандықтардың жинағы бір жылда бес триллион теңгеге көбейді.

Қаражаттың басым бөлігі, яғни 25 трлн-нан астамы мерзімді салымдарға тиесілі. Бұл отандастарымыз тарта жеуге тырыса бастағанының белгісі ме? Депозиттерді қалай таңдау керек? 

Серік Селеубайұлы, тілші:

- Қазақстандықтардың қаржылық сауаты артып келеді. Мәселен, өткен айда отандастарымыздың жинақтары 31 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергі өсім 17,8%. 10 айда салымдардың көлемі 5 трлн теңгеге артуына Ұлттық банктің саясаты әсер етті дейді мамандар. 

Қазақстандықтардың салымдары

| Айы   | Көрсеткіш  |

| 01.26 | 27 820 011 |

| 02.26 | 28 096 743 |

| 03.26 | 28 058 271 |

| 04.26 | 28 458 027 |

| 05.26 | 29 196 064 |

| 06.26 | 30 015 127 |

| 07.26 | 30 402 878 |

| 08.26 | 30 551 652 |

| 09.26 | 30 561 416 |

| 10.26 | 31 382 791 | 

Бауыржан Ысқақ, экономист:

- Бұл қосымша табыс алудың да бір жолы. Өйткені банктер депозитке ақша салатын болсаңыз пайыздық үстемақы төлейтіні белгілі. Және біздегі мынау базалық мөлшерлеме жоғары болуы кезінде екінші деңгейлі банктердің теңгелік депозиттерге беретіні де өте жоғары. Бұған себеп, мысалы, осы жақында ғана жалпы қазақстандықтардың депозитке жинақтаған қаражаттарының сомасының 30 трлн теңгеге жетуі.

Сол себепті елдегі жинақтардың 82 пайыздан астамы ұлттық валютада сақталған. Қазір теңгелік депозиттердің көлемі 26 трлн-ға жуықтады. Ал шетел валютасындағы салымдардың үлесі небәрі 17 пайыз шамасында. Дегенмен, мамандар депозит таңдарда азаматтың қаражатты қандай мақсатта жинағалы жатқаны маңызды дейді. 

ДЕПОЗИТТЕРДІҢ КӨЛЕМІ

Барлығы – 31,4 трлн ₸

Ұлттық валютада – 25,9 трлн ₸

Шетел валютасында – 5,5 трлн ₸

Әйгерім Ілиясова, қаржыгер:

- Кері жағдайлар кез келген кезде болып қалуы мүмкін. Жұмыссыздық, ауырып қалу деген сияқты. Сол үшін қауіпсіздік қорын икемді депозитте сақтаған дұрыс. Енді икемді депозиттердің пайыздық мөлшерлемесі сәл төменірек болады. 1-2 пайыз. Бірақ кез келген кезде ол депозитке қолжетімділік керек болса, онда икемдісін таңдау керек. Өйткені егер мерзімге салса, онда оны алдын ала шешіп алса онда тек қана 0,1 пайызы ғана төленеді.  

Жалпы бұл қор азаматтың жарты жылдық шығынын өтеуге жетуі керек. Ал бұл қаражатты жинау үшін мамандар табыстың 20 пайызын депозитке салып отыруға кеңес береді. 

Авторы Серік Селеубайұлы

Сондай-ақ оқыңыз: