AECOM инженерлік компаниясы Қазақстанда жұмыс істеуге дайын

AECOM инженерлік компаниясы Қазақстанда жұмыс істеп, заман талабына сай инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайын.

Бұл туралы бүгін корпорацияның директоры Карло Кастелли біздің арна тілшілеріне берген сұхбатында айтты. Оның мәлімдеуінше, біздің еліміздің бұл бағыттағы болашағы зор. Мәртебелі мейман Астананың әлеуетін ерекше атап өтіп, дизайнерлік шешімдердің орынды қолданғандығын ерекше атап кетті. Кастеллидің пікірінше, елордамыз қарқынды дамып келе жатқандықтан, Қазақстан экономикасының өсуіне зор үлесін қосуы тиіс.

Карло Кастелли, AECOM Strategic Design and Planning group директоры:

– Астана жас қала болғанымен, шаһардың даму қарқыны мені таңғалдырды. Менің ойымша, мұнда көптеген қызықты жобаны жүзеге асыруға болады. Әсіресе инфрақұрылым саласы қызғушылық туғызады. Болашақта Астана әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналады деген сенімдемін.