АЭФ: жаһандық өзгерістер практикумы

Санаулы уақыттан соң форум аясында пленарлық отырыс басталады.

Жиынға «Бірыңғай экономикалық әлем» тақырыбы арқау болмақ. Бұл бағыт жаһандық экономикадағы өзекті проблемаларды көтереді. Сондай-ақ мамандар технологияның дамыған заманында адамзаттың мүмкіндігін талқылайды.

Пленарлық отырыс шамамен бір сағаттан соң басталады. Жиынның тақырыбы «Жаһандық өзгерістердің практикумы» деп аталады. Оған шетелден келген мәртебелі меймандармен қатар Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, пленарлық отырыс «Бірыңғай экономикалық әлем» бағыты бойынша өтпек. Бұл бағыт жаһандық экономикадағы өзекті проблемаларды көтереді. Мәселен, әлемдік экономиканың баяулауы. Сондай-ақ мемлекеттер нарықтық тетіктерді қалай жақсартып, әлемдік экономикалық жүйенің тиімділігін қалай арттырады? Жиынға қатысушылар осы сұрақтарға жауап іздеп көрмек. Біз де бұл сұрақтарды назарға аламыз. Және жаңалықтардың алдағы топтамаларында хабарлайтын боламыз.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев