Наурызда 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады

Наурызда 2006 жылғы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады

Ұлттық банк филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

«2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады», - делінген хабарламада.

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.