Қымбатшылық қыспаққа алғанда жиһаз өндірісі дами ма?

Қымбатшылық қыспаққа алып тұрғанда жиһаз өндірісін дамытуға бола ма? Елде сырттан келетін ағаш шикізатының бағасы екі есеге дейін өсіп кеткен. Тиісінше дайын тауардың құны да шарықтап шыға келді. Ал шикізатты өзімізде дайындауға не кедергі?

Қорған Қонысбайұлы, тілші:

- Өткен қыркүйектен бері елорданың бір өзінде тапсырыспен жасалатын жиһаздың құны 15-20 процентке қымбаттаған. Неге? Себебі айтайын. Жиһаз жасайтын ағаш, оған кететін бояу, өзге де жабдығы өзімізден емес, өзге елден келеді.

Төлеген Сағынтаев, жиһаз жасайтын цехтың директоры:

- Бізде даже шуруптың өзін сатып аламыз ғой. Каждый шуруптың өзін Қытайдан сатып аламыз. Ағаштар Россиядан келеді, плиточный материалдар. Россиядан келетін материалдар жаңағы 50-100 пайызға қымбаттады. 

Былтырлары тасы өрге домалаған жиһаз жасаушылардың қазір жағдайы бес емес. Импортталатын шикізаттың құны өскен соң шығын көбейген. Соған байланысты... 

Төлеген Сағынтаев, жиһаз жасайтын цехтың директоры:

- Соған байланысты клиенттердің өзі азайып кетті. Россиядан келетін дайын мебель сататындар, солар ұтып жатыр қазір. Солардың тауарлары өтіп жатыр. Біз құрастырып беретін материалдар уже қымбат шығып жатыр.

Дүкендерде жиһаз атаулы толып тұр. Тапсырыспен жасалатыны өз алдына, дайындарының да құны өскен, байқадық. Бұл сөзімді Бақытжан Ысмағұлов та қуаттайды. Бұрынғыдай баға жоқ.

Бақытжан Ысмағұлов, қала тұрғыны:

- Бұрындары осындағы жиһаздардың бағасы халыққа ұтымды тұғын. Енді қазір қарап отырмын өскен. Бағалары көтерілген. Халыққа кішкен бағасы ұтымды болса жақсы ғой. Бәрі айтып жатыр. Стол, креслоның бағасы қымбаттаған. Шамамен 20-30 процентке қымбаттаған.

Қымбатшылыққа себеп шикізат екепнін айттық. Мысалы, халық арасында «ЛДСП» аталатын материалдың бір данасы былтырлары Ресейден 6-7 мың теңгеге әкелінсе, қазір оның құны 16 мыңға бірақ жеткен. Яғни осы бір материалдың өзі екі есе қымбаттап отыр.

Қанат Ыбыраев, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының президенті:

- Елде фанера мен өзге де ағаш бұйымдары жасалғанымен жиһазға қажет шикізат мүлде жоқ. Шикізаттың бәрі импортталады. Себебі бізде ЛДСП мен фурнитура жасайтын кәсіпорындар жоқтың қасы. Мәселен, бізден жылына 1 миллион доллардың жиһазы экспортталса, Ресейден Қазақстанға 126 миллион доллардың жиһазы импортталады.

Осы импортты азайту үшін «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша Петропавлда жалпақ тақтай жасайтын кәсіпорын ашу көзделген. Бірақ жоспар жүзеге аспады. Мәселе тағы шикізатқа келіп тірелді. Елде 1,5 - 2 миллион текше метр ағаш кесуге болады. Одан 600-700 мың текше метр плиталық материал әзірлеуге мүмкіндік бар. Оның жартысының сапасы төмен болды делік. Бірақ 300-400 мың текше метрінің өзі біздегі шикізатқа деген жылдық сұраныстың 30-40 процентін жабатын еді. Сондықтан жиһаз жасаушылар «осы жұмысты бір жолға қою маңызды» дегенді алға тартты. Егер жиһаз жасайтын шикізатты шеттен тасымайық десек. 

Қорған Қонысбайұлы, Ерлан Наурызбаев, Арман Ақшабаев