ЮНКТАД: Инвестициялар тарту үшін Қазақстанда қолайлы жағдай жасалған

ЮНКТАД: Инвестициялар тарту үшін Қазақстанда қолайлы жағдай жасалған

Қазақстан бүкіл әлемді дүрліктірген коронавирус дағдарысына қарамастан тікелей инвестициялар тарту жағынан керемет жетістіктер көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және бұл бағытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегі зор. БҰҰ-ның сауда және даму сұрақтарына жауап беретін орган ЮНКТАД өкілдерінің пікірі осындай. Олар елде инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасалған дейді. Айта кеткен жөн, былтыр Қазақстан тікелей тартылған шетелдік инвестициялар көлемін үштен бірге арттырған еді. Сөйтіп бұл көрсеткіш бойынша өтпелі экономикасы бар 17 мемлекеттің және теңізге шыға алмайтын 34 елдің ішінде бірінші орынға шығып отыр.

Джеймс Жан, ЮНКТАД инвестициялар және кәсіпорындар департаментінің директоры:

– Қазақстанның инвестициялар тарту жағынан жақсы нәтиже көрсетуінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін айрықша атап өте керек. Біз сіздердің елдеріңіздің шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған саясатты ұстанатынын және нормативтік базаның үнемі жаңартып отыратынын білеміз. Осы бағытта өзге елдерге көмектесу үшін сіздермен, соның ішінде Женевадағы Қазақстан миссиясымен тығыз қарым-қатынас орнатылған.