Қазақстандықтар қазан айында 2800-ден астам алтын құйма сатып алды

Қазақстандықтар қазан айында 2800-ден астам алтын құйма сатып алды
Wfin.kz

2021 жылдың қазан айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес айырбастау пунктерінен жалпы салмағы 88,6 кг өлшенген 2 814 құйма сатылды.

Халық үшін тазартылған алтын құймаларын сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама іске қосылғаннан бері жалпы салмағы 2,5 тонна 68 230 алтын құйма сатылды.

Ұлттық банк мәліметінше, алтын құймалардың бес түрі сатылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г салмақтағы құймалар. Ал сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие құйма – 10 грамдық құйма. Оның жалпы сатылым көлеміндегі үлесі 28% немесе 19 090 дана. Одан кейін сұранысқа ие түрлері – салмағы 100 граммдық – 15 204 дана (22%) және 20 граммдық – 13 282 дана (20%), 5 граммдық – 11 651 дана (17%), 50 граммдық – 9 003 (13%) құйма. Көбіне алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларының тұрғындары арасында сұранысқа ие.

«Бағдарлама іске қосылғаннан бері екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 247 кг өлшенген 10 126 құйманы кері сатып алуға қабылдады, бұл жалпы құймалардың 15%-ын құрайды. Қабылданған құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің аумақтың филиалдарына қайтарылмастан халыққа сатылады», – делінген ақпарда.