Бюджеттің бүйірін толықтырған өңірлер

Бюджеттің бүйірін толықтырған өңірлер

Былтыр ел қазынасы 11,4 трлн теңгеге толықты. Бұл бұған дейінгі көрсеткіштен 16,6 процентке көп.

Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратына сүйенсек, түсімнің басым бөлігі Алматының еншісінде. Жыл ішінде мегаполис 2,9 трлн теңге кіріс әкелген. Бұл қатарда Атырау мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Ал салық пен өзге де төлемдерден 2,6 трлн теңге түсті. Өсім 86,6 процент. Қаражаттың дені мұнайлы аймақтардан жеткен.