Сарапшы: Құрылыс материалдарының бағасы тұрақталады   

Сарапшы: Құрылыс материалдарының бағасы тұрақталады   

2024 жылға дейін құрылыс материалдарының бағасы тұрақталады. Бұл сарапшы пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазақстан құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты»  Нормативтерді әзірлеу орталығы директорының айтуынша, құрылыс жабдықтарының орташа бағасы әр жеті жыл сайын қымбаттап отырады. Былтыр тауар құны шарықтап кеткенін байқадық, – деді Арман Хасен. Дәл осындай үрдіс 2007 және 2014 жылдары да байқалды. Институт бағаны мемлекеттік реттеу мүмкіндігі туралы да айтты.

Арман Хасен «ҚАЗҚСҒЗИ» АҚ құрылыстағы нормативтерді әзірлеу орталығы директоры:

– Құрылыс материалдарының бағасын тікелей реттеу болмауы тиіс. Нарықта бәсеке бар және ол жеке компаниялар арасында жүреді. Битум, цемент секілді материалдар бағасын қарастыруға болады.  Одан бөлек асфальт та бар. Бағаны реттеу үшін сараптама жасау керек.