«Самұрық-Қазына» бюджетке қанша қаражат төлейді?

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры табысының 0,5 процентін ғана мемлекеттік бюджетке төлейді. Бұл туралы қаржыгер Марат Абдурахманов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қордың қазынаға құйғаныннан алары көп. Маман компания жұмысын тыңғылықты тексеріп, реформалау керек дейді.

Марат Абдурахманов, қаржыгер:

– Қазіргі жағдайда ресми деректерге сәйкес, 2020 жылда 145 млрдқа жуық қаражат бюджетке құйылды. Бірақ бұл тек 0,5 пайызы. Сонда ешқандай прогресс, даму жоқ. «Самұрық-Қазына» құрылмай тұрған кезде мемлекеттік компаниялар 60 процентке дейін табыс әкелетін.