Үкімет цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша нақты шараларды қарастырды

Үкімет цифрлық майнингті «көлеңкелі жүйеден» шығару бойынша нақты шараларды қарастырды
primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы «сұр» цифрлық майнингтің мәселесі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

2021 жылға дейін электр энергиясын тұтыну 2%-ға артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 6%-дан асты. Мұндай елеулі өсім – көлеңкелі майнингтің салдары. Елімізде электр энергиясы тапшылығының өсуіне жол бермеу, сондай-ақ қызметтің аталған түрін көлеңкелі сектордан шығару мақсатында Премьер-Министр тиісті министрліктерге осы қызметті заңнамалық түрде реттеу, оның ішінде лицензиялауды енгізу қажеттігіне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі уақытта майнинг мәселелері бойынша заңнамаға қажетті түзетулер әзірленіп жатыр.