Түркия Израильмен сауда байланысын үзді
Түркия Израильден тауарларды импорттап, экспорттауды біржолата тоқтатты.
Бұл туралы Түркияның сауда министрі Өмэр Болат мәлімдеді. Ол Израиль тарапы Газа секторындағы қақтығысты тоқтатып, аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуді қамтамасыз етпейінше, сауда қатынасы қалыпқа келмейтінін мәлімдеді. Бұған дейін ресми Анкара тауарлардың 54 санатына шектеу енгізген еді. Соған қарамастан Израиль билігі Газа секторындағы әскери операциясын жүргізуді жалғастырды. Айта кетейін, былтыр қос ел арасындағы тауар айналымы 9 жарым млрд АҚШ долларына жеткен.