Үкіметте «Қазақстанның Даму банкі» АҚ реформалаудың жай-күйі талқыланды

Үкіметте «Қазақстанның Даму банкі» АҚ реформалаудың жай-күйі талқыланды
primeminister.kz

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында премьер-министр Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Реформалау аясында ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және Банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», – деп атап өтті ҚР премьер-министрі Ә.Смайылов.