Ел аумағынан 34 майнингтік ферма анықталды

Елде небәрі төрт күнде майнингпен заңсыз айналысқан 34 ферма белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысының энергетика саласына қатысты өткізген жиынында осындай дерек айтылды. Әлгі нысандар  Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында табылған. Шектелген электр қуатының жиынтық көлемі 202 МегаВатты құрады. Әлихан Смайылов криптовалюта өндірумен заңсыз айналысып жатқандармен күресті әлі де күшейту қажеттігін айтты.