Ақтаудағы энергетикалық комбинатта жалақы 30% өседі

Ақтаудағы энергетикалық комбинат қызметкерлерінің айлығы 1 наурыздан бастап 30 процентке өседі.

8 наурыз - аналар мерекесінде әйелдерге, әз Наурыз мейрамында, барлық қызметкерге 10 айлық-есептік көрсеткішке тең үстемақы қосылады. Тәуелсіздік және энергетиктер күні 25 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде, сондай-ақ тоқсандық сыйақыны бәріне бірдей көлемде төлеу туралы шешім қабылданды. Бұл ұжымда 1 қаңтардан бастап, жыл сайынғы еңбек демалысына, 1 айлық жалақы түрінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене бастады. Бұған дейін комбинат қызметкерлері жалақының аздығын айтып, наразылық білдірген еді. Мәселе төрелік комиссияның араласуымен оң шешімін тапты.

Раушан Қалиева, төрелік комиссия төрағасы, мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Жақын арада еңбек шартын талқыламақшы МАЭК-Қазатомпром ұжымы. Сол кезде қазіргі қаржылық жағдайларына байланысты айтып отырған ұсынысы жұмыс берушінің. Егер сол тәртіппен әрі қарай жақсарып кеткен жағдайда жалақының деңгейін инфляцияға байланысты арттыру мәселесін сол ұжымдық шартты қараған кезде қарастырып кету ұсынылды.