Қаңтардан кейін қазақстандықтар депозиттердегі ақшасын көптеп шеше бастады

Қаңтардан кейін қазақстандықтар депозиттердегі ақшасын көптеп шеше бастады

Бұл үрдісті бірінші кредит бюросының сараптамалық орталығы байқаған.

Мәліметтерге қарағанда кейінгі бір айда салым сомасы екі жарым процентке азайып кетті. Бұл 2016 жылдан бергі ең үлкен өзгеріс. Бюро мамандарының есебі бойынша бір айда отандастарымыз банктерден 345 миллиард теңге алды. Көбі Халық, Каспи және Отбасы банктегі депозиттерінен шешілген. Заңды тұлғаларға қатысты жағдай да жақсы емес. Қаңтарда салымдардың көлемі күрт азайды. Тіпті кейінгі екі-үш жылдағы ең аз көрсеткіш деуге болады. Жыл басында компаниялар өздерінің есеп-шоттарынан 132 миллиард теңге қаржыны шешіп алды. Сондай-ақ Ресейлік банк филиалдарында қаржы сақтайтындар азайған.

Айта кетейік, теңгелік депозиттерді сақтау үшін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5 процент деңгейіне дейін көтерді. Сәйкесінше депозиттерге қосылатын үстеме процент артты. Бұдан бөлек мемлекет депозиттерге 10 процент бір реттік сыйақы берілетінін жариялады.