Ресей Қазақстаннан көкөніс әкелуге рұқсат берді

Айта кетейік, Ресей өзіне қарсы салынған санкцияларға байланысты 9 мемлекеттен көкөніс жеткізуге рұқсат берді.

Тиісті шешім Россельхознадзор сайтында жарияланды. Енді Қазақстан, Армения, Беларусь пен Қырғызстаннан қызанақ пен бұрыш кіргізуге қатысты тыйым алынып тасталады. Ал Мысырдан картоп, Түркиядан баклажан мен кәді әкелуге болады.