Елімізде мұнай өнімдері негізсіз қымбаттатылған  

Елде ішкі нарыққа берілетін мұнай бағасын реттеудің жасырын тәсілі қолданылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнай өңдеу тізбегін бірнеше кәсіпорынға бөлшектеу арқылы баға қолдан қымбаттатылған. Бәскелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде осылай деді. Оның айтуынша, екі ірі мұнай өңдейтін компания бағаны жасанды түрде көтеріп отыр. Қайта өңдеудің негізгі үлесі де осы екі алып компанияға ғана тиесілі. Бұл мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда нарықтарында бәсекелестікке тұсау. Олар отандық «қара алтынды» өңдеудің біртұтас технологиялық циклын бөлшектеп жіберген. Сәйкесінше бағаны да жасырын тәсілмен есептейді.