Кеңсе қағазының бұрыны мен болашағы

Кеңсе қағазының бұрыны мен болашағы

Шымкенттегі кәсіпорын жұмысының тоқтауы нарыққа өз әсерін тигізді.

Елде кеңсе қағазы екі есе қымбаттады. Индустрия министрлігінің өкілдері осылай мәлімдеді. Бұрын А4 форматты қағаздың көтерме бағасы 1500 теңге болса, қазір 3000 теңгеге жеткен. Былтыр Қазақстанда А4 форматты 600 мың қапшық қағаз өндірілген. Бұл елдегі жалпы тұтыну көлемінің 5 проценті ғана.

Атап өтейік, елде А4 форматындағы қағазды кесу және орау бойынша екі зауыт жұмыс істейді. Сырттан 20,4 млн қапшық қағаз әкелінген. Оның 61%-і Ресейден жеткізіліпті.

КЕҢСЕ ҚАҒАЗЫ

Қымбаттады - 2 есе

Бұрын - 1500 тг

Қазір - 3000 тг

2021 ж.

Өндірілді - 600 000 қапшық

Тұтыну көлемі - 5%

Сырттан - 20,4 млн қапшық

Ресейден - 61%

Өзге елдерден - 39%