«Қазақтелеком» компаниялар тобын монополиясыз ету ұсынылды

Үкіметте «Қазақтелеком» компаниялар тобын монополиясыздандыру ұсынылды.

Осы орайда Цифрлық даму министрі топтың мобильді операторларының бірін бәсекелі нарыққа шығару қажет екенін айтты.

Бағдат Мусин жекелеген ірі байланыс операторлары орта және шағын интернет-провайдерлердің дамуына ынталы емес, оларға тиімсіз шарттарды ұсынатынына тоқталды. Осылайша «Қазақтелеком» телекоммуникациялық нарықтың дамуына кедергі келтіреді. Министрлік шағын байланыс операторлары үшін ауылдарда «Қазақтелеком» және «Транстелеком» желілеріне қосылу ақысын заңмен реттеуге ниетті. Министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов ведомствоға бір апта ішінде осы мәселе бойынша ұсыныс енгізуді тапсырды.