Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 14,1% өсті

Жыл басынан бері азық-түлік бағасы 14,1% өсті
Егемен Қазақстан

2022 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі мен орташа бағалар жарияланды.

19 атауды қамтитын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2022 жылғы 19 сәуірдегі жағдай бойынша (жылдық мәнде) 20,3% қымбаттады, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен екі есе жоғары, деп хабарлайды StatGovKz.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар – 0,6%, ай басынан бері – 2,5%, жыл басынан бері 14,1% өсті.

Бір аптаның ішінде қымбаттаған азық-түлік:

Пияз – 2,9%

Орамжапырақ – 2,8 %

Құс еті – 2,5 %.