Ресейге қарсы санкциялар біздің экспортқа әсер етпейді – Бақыт Сұлтанов

Ресейге қарсы санкциялар біздің экспортқа әсер етпейді – Бақыт Сұлтанов

Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақтың ішінде бірінші тоқсан бойынша өзара сауда 20%-тен асқан. Үшінші елдерге де экспортымыздың көлемі өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 «Жыл сайын 100 жаңа экспорттаушыны шығарып отырамыз. Қазір олардың саны 500-ге жуықтады. Арнайы бағдарламалардың арқасында 2025 жылға қарай тіпті, мыңға дейін жеткізгіміз келеді»,- деді министр елордада өтіп жатқан экспорттаушылардың бірінші форумында.