BTS, айдол, аниме: еліміздің креативті индустриядағы үлесі қандай?

Дүние жүзінде заман талабына сай креативті индустрия да қарқынды дамып жатыр. Мәселен, кинодан табыс табуда АҚШ, Түркия жәнке Индия елдері алдына жан салмай келеді. Ал Корея мен Жапония комикс, манга , аниме және "айдол" арқылы экономикасын дамытып отыр. Ал біздің елде шығармашыл индустрияға қашан баса назар аударылады?

Наргиз Бекмағанбетова тілші:

- Ақпарат ағыны мол, жаһанданған заманда әп-сәтте танымал бола аласыз. Ол үшін 30 секунд видео түсірсеңіз де болады. Егер ол рекке шықса, онда брендке де айналу оңай. А рек бұл қаралымы жоғары видеолардың топтамасы.

16 жастағы Лаура тикток желісінде танымал тұлға. Айтуынша, креативті фотосурет түсіру барысы 2,5 млн қаралым жинаған. Соның арқасында қазір парақшасына жазылғандардың қатары өскен. Осылайша Лаура стрим, яки тікелей эфирлерге шығып, танымдық ақпараттармен бөлісіп, табыс тауып отыр. Алайда қосымша өзінің 50 процентін алып отырады дейді. Бұл әрине тиімсіз. Сол үшін кейде пайдаланушылар стрим жасағанда жеке банк карточкасын көрсетеді екен.

Лаура "TikTok" платформасының қолданушысы:

-  Егер сіз тиктокта пайда көруді көздесеңіз, онда парақшаңызды дамыту қажет. Егер ол рекке шықса, әрі қарай ТМД елдерінің пайдаланушылары қосылады. Тек содан кейін Америка немесе Еуропадан қаралым жинала бастайды. Мүмкіндікті жіберуге болмайды. Ақша табудың 2 нұсқасы бар - тікелей эфир кезінде кейбір тауарлар мен қызметтерді ұсыныңыз немесе монеталардан ақша табуға болады. Және ойын ойнауға болады. Қытайлық блогер ойын барысында 167 мың АҚШ  доллар да  тапқан.

Лаураның айтуынша, платформада жақсы контент жасау 10 минуттан 2 сағатқа дейін уақыт алады. Әдетте онда шетелде оқу, әлемге әйгілі тұлғалар мен лайфхактар өтімді болады. Ал Қазақстандағы тикток хаустар тіпті американдық трендке шығып, млрд қаралым жинаған. Қазір, мерч, яки шектеулі киім коллекциясын шығарып, немесе тамақтану орнына амбассадор болып бизнес жасап отыр.

Мәселен, Жапония мен Корея және АҚШ өз мәдениетімен әлемді жаулап алды. Күншығыс елінің көрнекті өнерінің бірі аниме және комикстің ерекше жанры - манга. Қазір әлем бойынша оның өнеркәсіптік құны 15 миллиард АҚШ долларынан асады.

Ал Корей еліне туристер БиТиэС тобы үшін ағылады. Тіпті оларды ел Президенті арнайы елші етіп сайлаған. Сайып келгенде, Корея­дағы креативті индустрия арқылы елге миллиардтаған кіріс кіріп отыр. BTS тобының жылдық табысы 60 миллион АҚШ долларына тең. Онымен қоса елде "ИДОЛ", яғни «мінсіз тұлғалардың» өнімдері шетелге экспортталады. Ал елімізде креативті индустрия дамыған ба? Жастардан сұрап білдік.

- Менің ойымша, біздің шоу-бизнеске шоу жетіспейді. Мысалы, Димаштың дауысы бар болғанымен оның выступлениялары грандиозный емес. Оның өзіндік стилі бар. Ол да әсер етеді. Мен армимын. Себебі қазір заманға сай, бтс группасы тек адам құқығын емес, өзін жақсы көруді насихаттайды. Мысалы, артқы рядтан бір билеттің құны 200-250 доллар тұрады. +01 41 мысалы киімсдері 30 мың-20 мың, арми бомбасыкалар 50 доллардан жоғары. олардың игрушкалары да 100 доллардан жоғары.

- Бізде Димаш Құдайбергенов, Димаш Әділет қазір холостяк жобасына қатысып жатқан. солардың  барлығын түсіріп, көрсетіп, бұған дейін қалай болғанын көрсетсе осымен де шетелдіктерді қызықтыра біліп, қаржы кіргізуге болады. Тиктокқа 2-3 сағат уақытым кетеді. Қызықты, пайдалы видеоларды көрген ұнайды.

2021 жылды БҰҰ Халықаралық креативті экономика жылы деп жариялаған еді. Біздің елде де Президент тапсырмасымен индуст­рия­ның дәл осы түрінің мүм­кін­­дігін молынан пайдалану мәсе­ле­сіне баса назар аударылған болатын. Дереккөздерге сүйенсек, әлем бойынша мә­дени, шығармашылық «өндірістен» түсетін табыстың көлемі 2 триллион 300 миллиард АҚШ долларына тең. Ал біздің елде креативті кезең қашан басталады? 

Наргиз Бекмағанбетова, Дархан Күнтуов