Freedom Bank жүрілген көлікке алғашқы цифрлық автонесие бере бастады

Енді үйден шықпай-ақ автокөлік сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Бүгіннен бастап Қазақстандағы Freedom Bank тәулік ішінде рәсімдеуге болатын цифрлық автонесиені іске қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – еліміздегі толық цифрландырылған алғашқы жоба. Кез келген жүрілген көліктің иесімен келіссеңіз болды, сатып алу жұмыстары онлайн режимінде өтеді.

Freedom Bank еліміздегі ең жас банктердің бірі болғанына қарамастан қаржы секторындағы беделі биіктеп келеді. 2021 жылы Freedom Bank әлемдегі алғашқы цифрлық ипотеканы іске қосқан болатын. Енді, міне, цифрлық автонесиені де жүзеге асырып отыр.

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры:

– Freedom Bank онлайн-шешімдер, кепілдікті алу және есепке қою, тіркеу мүмкіндіктерінен басқа автокөліктердің бірегей онлайн-бағасын әзірледі. Бұл жағынан да біздің банк бірінші болып тұр. Біз ЭЦҚ-ны жүктеместен, клиенттің келісімшарттарға қол қою мүмкіндігін іске қостық. Яғни ешқандай қағазбастылық жоқ. 

Цифрлық автонесиенің жылдық тиімді мөлшерлемесі 20,7%-тен басталып, 7 жылға беріледі. Бастапқы жарна 20%-тен кем болмауы керек. Егер айлық табысыңыз жақсы болса, 1 млн теңгеден бастап 25 млн теңге тұратын жүрілген шетелдік көліктерді сатып алатын мүмкіндігіңіз бар. Freedom Bank 10 мемлекеттік органмен және 38 қызмет көрсету мекемесімен бірлесе отырып, клиеттерге барлық қолайлы жағдайды жасауға тырысады.  

Абылайхан Оспанов, Freedom Bank басқарушы директоры:

– Бұрын сіз осы көлікті несиеге алу үшін тиісті техникалық байқау станцияларға барсаңыз немесе тағы басқа азаматтар бағалау жұмысына осы көлік қанша тұрады деп тиісті құжаттарды берсе, біз бүгін осы деректердің арқасында бір минуттың ішінде машинаңыздың бағасын тегін айтамыз.

Рәсімдеу барысында сатып алған көлігіңізге қалауыңызша стандартты немесе беделді нөмірді таңдап, оны несие бағасына қосуға болады. Толық шарттар тізімін bankffin.kz сайтынан көре аласыз.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарынбаев