loader

Жанармай тапшылығына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды

Жанармай тапшылығына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар жазаланды

Арнайы құрылған комиссия дизель тапшылығана алып келген бірқатар факторды анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бірінші кезекте жанармайды транзиттік жүк көліктерінің көп мөлшерде тұтынуы әсер еткен. Екінші себеп Қазақстанның арзан жанармайы көршілес елдерге жіберілген.  Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек-сауда құнынан жоғары бағамен сатқан. Бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкеп соқты. Үкіметтік комиссия өндіру, маркетинг және логистикаға қатысты бірқатар былықтың бетін ашты. Уақытында тиісті шаралар қабылдамағаны үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы мен  М. Мырзағалиев пен энергетика вице-министрі А. Мағауовқа қатаң сөгіс жарияланды. Энергетика министрлігі мен Қазмұнайгаз компаниясының бірқатар жауапты қызметкерімен еңбек қатынастары бұзылды. Жағдайды қалыпқа келтіру және жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығын толық қамтамасыз ету үшін бірқатар жедел және ұзақ мерзімді шаралар қабылданды. Жанармай нарығында қалыптасқан жағдай қыркүйек айының басында тұрақталады деп күтілуде.

Сондай-ақ...