Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы өтті

Фискалдық реттеу тетіктерін қайта қарау, бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру, экономиканы декарбонизациялау және цифрлық трансформация.

Міне осы жұмыстардың барлығы жалғасын табуға тиіс. Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысында Үкімет басшысы осы мәселелерді тілге тиек етті. Әлихан Смайылов отандық және шетелдік инвесторларға тең дәрежедегі мүмкіндіктер  жасалғанын атап өтті. Отырысқа қатысушылар Кеңестің бірлескен тұрақты жұмыс топтарының қызметі туралы есеппен танысты. Іскерлік климатты жақсарту мақсатында 2026 жылға дейінгі инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасы қабылданған. Құжат қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі артыруды көздейді.