Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналым 100 млн долларға жетті

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналым 100 млн долларға жетті

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынас артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос елдің алыс-берісі 100 миллион долларға жуықтады. Дегенмен, ислам республикасының өкілдері сауда-саттықты екі есе арттыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Бұл жөнінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың Пәкістанға жасаған ресми сапары барасында белгілі болды. Төменгі палата спикері мен Пәкістанның премьер-министрі сауда-экономикалық қарым-қатынастан бөлек парламентаралық әріптестік жайын да талқылады.

Айта кету керек, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына биыл 30 жыл толды. Сол себепті Ерлан Қошановты Пәкістанның президенті мен Сенат төрағасы да қабылдады. Кездесулерде логистика, ауыл шаруашылығы, білім мен ғылым салаларының даму әлеуеті де талқыланды.