Елде құс еті мен сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыру жоспарланып отыр

"Өйткені бұл нарықта тапшылық бар", - дейді Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері. Олқылықтың орнын толтыру үшін шамамен 400 млрд теңге керек. Осы мақсатта келер жылы тауар өндірушілерді қаржыландыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

"Шығарылатын отандық өнімді ең алдымен ішкі нарыққа жеткізу басты талап болмақ", - дейді бірінші вице-министр Арман Шаққалиев.

Өңірлерде көкөніс қоймалары да тапшы. Жетіспеушілікті жою үшін халқының саны 100 мыңнан асқан әр қалада кем дегенде екі қоймадан болуы қажет.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары:

- Көкөніс қоймасы, оның инфрақұрылымы, аумағы, жеке инвесторлары туралы толық ақпараты бар өтінімдерді әр облыстан қабылдау керек. Қолымызда нақты мәлімет болғанда ғана қанша қаржы бөлу керектігін білетін боламыз. Осының бәрін бірыңғай жүйеге келтіру керек.