Өткен 2 айда ел экономикасының өсімі 4,3% жетті
Өткен 2 айда ел экономикасының өсімі 4,3% жетті. Бұл жайлы министр Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, барлық негізігі салада оң өзгерістер байқалып отыр. Әсіресе, құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс секторларында жағымды көрсеткіштер бар. Өңірлер арасындағы өсім бойынша Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар мен Қарағанды көш бастап тұр. Еліміздің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі 19 процентен асып, сыртқы сауда айналымы 10 миллиард доллардан асып кетті.
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- 2023 жылы сыртқы сауда айналымы 15,7% өсіп, 10,3 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4% өсіп, 6,1 миллиард долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21% ұлғайып, 2,1 млрд долларды құрады.