Жамбыл облысында алаяқтар АӨК дамытуға бағытталған 105 млн теңгені жымқырған
Жамбыл облысында алаяқтар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған 105 млн теңгені иемденген.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Өңірдің 2 тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялауға қаражат алған. Қазір облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті өзге де мән-жайды анықтап жатыр.