Сарапшы: Енді экономикалық реформа басталады
Елде енді экономикалық реформа басталады.
Жаңадан жасақталған Парламент осы бағытқа басымдық беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істеуі керек. Сарапшы Әсел Назарбекованың айтуынша, мәжіліске 6 партияның өтуі және жаңа депутаттардың беделі бұл міндетті орындауға мүмкіндік береді.
Әсел Назарбетова, ҚСЗИ ғылыми хатшысы:
- Президенттің бүгінгі жүктеген міндеттеріне байланысты барлық сұрақтар дер кезінде шешімін тауып, тиісті заңдар қабылданып, халықтың сұраныстарына байланысты көптеген мәселелер талқыланады деген үмітіміз бар. Саяси реформаларды бір қордалап алдық, енді әрі қарай экономикалық реформаларға көңіл бөлуіміз қажет. Себебі уақыттың талабы осындай болып тұр. Оның ішінде демонополизация мәселесі бар, сыртқа кеткен капиталды ішке қайтару, салық түрлеріне көп мән беру керек деп айтты.